+7 (727) 356-96-00
«Шинхан Банк Казахстан» АҚ

Клиенттердің проблемалық берешекті реттеу мәселелері өтініштерін қарау тәртібі

Қарыз алушы міндеттемелерді орындау мерзімі өткен күннен бастап 30 күн ішінде жазбаша өтінішпен банкке жүгінуге құқылы. Өтінішке табыстардың төмендеу себебін міндетті түрде көрсету және растайтын құжаттарды қоса беру қажет.

Шарт талаптарын өзгертудің мүмкін түрлері:

  1. Сыйақы мөлшерлемесін азайту
  2. Шетел валютасындағы борышты ұлттық валютаға өзгерту
  3. Төлемді кейінге қалдыру
  4. Берешекті өтеу әдісін өзгерту
  5. Банктік қарыз мерзімін өзгерту
  6. Мерзімі өткен борыш пен сыйақыны кешіру
  7. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» ҚР Заңының 20-1-бабында көзделген тәртіппен ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті кепіл берушінің дербес өткізуі
  8. Кепіл мүлкін беру арқылы міндеттемені орындау
  9. Жылжымайтын мүлік өткізіммен байланысты шартты өзгерту

Банктің жауап беру мерзімі: банк 15 күнтізбелік күн ішінде қарыз алушыны келісу, ұсыныстар немесе бас тарту себептерін негіздеу туралы хабардар етеді.

Өтініш беру негіздемелері:

  • жұмыссыз болып тіркеу
  • әлеуметтік мәртебе өзгеруі (СУСН мәртебесін алу немесе бірге тұратын жақын туыстың СУСН мәртебесін алуы)
  • 3 айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздық
  • бала күтімі туралы демалыс
  • мерзімді әскери қызметке шақыру
  • жақын туыстарының науқастануы немесе қайтыс болуы
  • материалдық зиян (ұрлық, өрт және т.б.)

Банкке жүгіну тәсілдері: пошта немесе электрондық пошта арқылы; телефон арқылы немесе банкке тікелей келгенде ауызша.

Байланыс деректері:

  • Қоңырауларды өңдеу бөлімі: +7 (727) 356-96-60, ұялы 2468
  • Мониторинг және талдау бөлімі: +7 (727) 356-96-68, +7 (727) 356-96-64
  • Клиенттерді тарту жөніндегі бөлім: +7 (727) 356-96-44, +7 (727) 356-96-76, +7 (727) 356-96-05
  • Email: infokz@shinhan.com