Банктік шот ашу
Қаржылық нарық және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау бойынша өкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ клиенттердің банктік есепшоттарын ашу және әрі қарай жүргізуді, сонымен қатар осы есепшоттарды пайдалану арқылы операциялар жүргізеді.
Ашу үшін қажет: қажетті құжаттарды ұсыну; банктік есепшот ашу үшін өтініш рәсімдеу; банкпен банктік есепшот ашу туралы келісім жасасу.
Мүмкін операциялар: ақшаның ішкі/сыртқы аударымдары (теңге, USD/EUR); әлеуметтік сақтандыру қорына төлемдер; жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар; бюджетке салықтар мен басқа міндетті төлемдер; ҚР заңдылығына қайшы келмейтін өзге төлемдер; шетел валютасын қолма-қол/қолма-қолсыз айырбастау; теңгемен және USD/EUR қолма-қол ақша операциялары.
Басымдылықтар: Корея Республикасына минимал тариф бойынша «күнбе-күн» төлемдер; шетелдік валютаны айырбастау үшін банк комиссиясының болмауы; әлемнің көп өңірлерінде минимал тариф бойынша төлемдер; клиент нұсқауларын жедел орындау; кез келген операция бойынша кеңес алу мүмкіндігі.