Жалақы жобасы
«Шинхан Банк Қазақстан» АҚ еңбекақы карточкасы — ақшалай қаражатты алу және сақтау үшін қолайлы және сенімді құрал, сонымен қатар Visa International халықаралық төлем жүйесінің көмегімен өз ақшасын тиімді басқаруға мүмкіндік беретін қаржы аспабы.
Компанияңыз үшін пайда:
- Еңбекақы төлемдерін аудару — 0%
- Ақша сақтауға және тасымалдауға байланысты қатердің төмендеуі
- Бүкіл Қазақстан бойынша қызметкерлерге еңбекақыны орталықтандырылған төлеу
- Қашықтықтан банктік қызмет көрсету жүйесін пайдалану — бухгалтерия мен кассаға жүктемені азайтады
- Қызметкерлердің әрқайсысы бойынша төлемнің құпиялығы
- Еңбекақы жобасы бойынша дербес менеджер
- Шығарылған карталарды компания кеңсесіне жеткізіп беру
- Банк қызметкерлерінің кеңсеге келуі және қызметкерлерге тапсырыс ресімдеуі
Карта ұстаушылар үшін артықшылықтар:
- Карточканы шығару және қызмет көрсету үшін комиссия жоқ
- SMS хабарландырулары — тегін
- Дүние жүзінің кез келген банкоматынан ақшалай қаражат алу — тегін*
- Кэшбэк*
- Интернет-банкингтің көмегімен қаражатты бақылау мүмкіндігі
- Әлемнің барлық елдерінде тауарлар мен қызметтер үшін картамен төлеу
- Қолма-қол ақшаға тәулік бойы қол жеткізу мүмкіндігі
- Отбасы мүшелері мен достары үшін өз шотына қосымша карта ашу
*Банктің жалақы жобасының тарифтік жоспарына сәйкес.