Ақшалай аударымдар
«Шинхан Банк Қазақстан» АҚ әлемнің бір нүктесінен екіншісіне жедел ақшалай қаражат жіберу қажет кезінде өзін сенімді құрал ретінде көрсеткен ақшалай аударымдар қызметін ұсынады. Ақшалай аударымдарды жүзеге асыру үшін сіз банктен тегін ағымдағы есепшот ашуыңыз керек, содан кейін Қазақстан бойынша немесе шетелдің қандай да болсын бағытында ұлттық және шетелдік валютада ақша аударымдарын жүзеге асыра аласыз.
Қол жетімді операциялар:
- ұлттық және шетелдік валютадағы аударымдар
- интернет-банкинг бойынша ұлттық және шетелдік валютадағы аударымдар
Ерекше қызмет: Корея Республикасына ақша аударымдары 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Ақша аударымдары тек ашылған есепшот жағдайында ғана мүмкін болады.
Құжаттық талаптар:
- резидент пайдасына ақша аударымдары: қосымша құжаттар талап етілмейді
- резидент емес пайдасына теңгемен ақша аударымдары: ҚР валюталық заңдылығы талаптарына сәйкес
- резидент пайдасына шетелдік валютадағы аударымдар: ҚР валюталық заңдылығы талаптарына сәйкес
Бюджетке төлемдерді жүзеге асыру кезінде банктің аудару механизмі дереу (15 минут ішінде) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жүзеге асырылады.