Бір реттік зейнетақы төлемдерін пайдалану туралы
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесі туралы ақпарат (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.01.2021 ж. №24 бұйрығымен бекітілген ережелердің 5-тармағына сәйкес).
Зейнетақы төлемдерін пайдалануға рұқсат етілген мақсаттары:
- тұрғын үйді сатып алу-сату, жекешелендіру, бөліп-бөліп төлеу, айырбастау бойынша мәмілелер, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарттары бойынша есеп айырысу, жеке тұрғын үй құрылысы үшін
- ипотекалық тұрғын үй қарызының бастапқы жарнасы
- ипотекалық қарыздарды алу, өтеу, қайта қаржыландыру
- ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үй сатып алу, берешекті өтеу
- ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша (сатып алу құқығымен) берешекті ішінара немесе толық өтеу
«Шинхан Банк Қазақстан» АҚ жеке тұлғаларға тұтынушылық мақсатқа берілген ипотекалық қарыздар береді. Осы қарыздарды ережеде көзделген тәртіппен зейнетақы төлемдерімен өтеуге жол берілмейді. Банк несиелік берешектің бар екендігі туралы (тұрғын үй мақсатын немесе басқа несиелік ұйымда алынған ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу мақсатын көрсете отырып) анықтама ұсына алмайды.