+7 (727) 356-96-00
«Шинхан Банк Казахстан» АҚ

Стратегия

Банктің миссиясы

«Институционалдық, корпоративтік және жеке клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін сенімді, сыйлы, алғыр және табысты қаржылық институт және серіктес болу.»

Банк қызметінің мақсаты

Стратегиялық мақсат — «тұрақты өсу үшін берік іскерлік негіз» салу арқылы алға қойылған даму концепциясы мен Қазақстан Республикасындағы миссияны тәмамдау. Банк табыстардың құрылымын жетілдіреді және өсуінің тиімділігін арттырады.

Банктің негізгі мақсаттары

  • Нарықтың дамып келе жатқан талаптары жағдайында инновациялық шешімдер енгізу кезінде клиенттерге банктік өнімдердің барлық саласы бойынша кәсіби қызмет ұсыну.
  • Пайда табу негізінде жеке және заңды тұлғаларға, резиденттер мен резидент еместерге банктік қызмет көрсету, халықаралық қаржылық институттармен байланыстар орнату.

Банктің негізгі міндеттері

  • Қызмет сапасын арттырумен бірге, сұранысты зерттеу, ресурстарды тиімді пайдалану, комиссиялық сыйақы мөлшері мен тарифтерін төмендету, тәуекелдерді азайту.
  • Корпоративтік және жеке деңгейде банктік қызмет көрсетуге деген сұраныс пен сапаға ықпал ететін факторларды бағалау және талдау.
  • Қазақстан Республикасындағы заңдылықтың талаптарына сәйкес кәсіби, сапалы және замануи деңгейді қамтамасыз ету.
  • Банктік операцияларды жүргізудің технологиясын жетілдіру.
  • Бизнесті жүргізудің әлемдік стандарттары мен халықаралық қаржылық нарықтарға шығуға ұмтылу.