Ақша аударымдары
«Шинхан Банк Қазақстан» АҚ жедел және сенімді ақша аударымдары қызметін пайдаланыңыз. Банктік аударымдар жүйесі — Қазақстан бойынша, сонымен қатар шетелге ақша жіберетіндер және алатындар үшін ең тиімді нұсқа.
Қол жетімді операциялар: ұлттық және шетелдік валютадағы аударымдар; интернет-банкинг бойынша ұлттық және шетелдік валютадағы аударымдар.
Қосымша ерекшелігі — Корея Республикасына ақша аударымдары 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Ақша аударымдары тек ашылған есепшот жағдайында ғана мүмкін болады.
- Резидент пайдасына теңгемен ақша аударымдары: қосымша құжаттар талап етілмейді
- Резидент емес пайдасына теңгемен ақша аударымдары: ҚР валюталық заңдылығы талаптарына сәйкес
- Резидент пайдасына шетелдік валютадағы аударымдар: ҚР валюталық заңдылығы талаптарына сәйкес
Құрметті клиенттер, бюджетке төлемдерді жүзеге асыру кезінде Банктің аудару механизмі дереу (төлем басталған кезден бастап 15 минут ішінде) жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.