+7 (727) 356-96-00
«Шинхан Банк Казахстан» АҚ

Валюталық бақылау

Қазақстан Республикасының валюталық заңдылығы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және ҚР 02.07.2018 ж. №167-VI «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңына және өзге де заңдылық актілерге негізделеді, олардың негізгілері:

  • 30.03.2019 ж. №40 ҚР валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары
  • 29.09.2023 ж. №78 ҚР экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидалары
  • 10.04.2019 ж. №64 ҚР валюталық операцияларды мониторингтеу қағидалары
  • 10.11.2021 ж. №6 АХҚО-дағы валюталық реттеу және жүргізілетін валюталық операциялар туралы мәліметтерді беру қағидалары

«Шинхан Банк Қазақстан» АҚ валюталық бақылау агентінің функциясын атқарады және операцияларды орындау кезінде ҚР валюталық заңдылығы талаптарын бақылауды жүзеге асырады. Банктің өкілетті қызметкерлері ұсынатын қызметтер:

  • сыртқы саудалық келісімшарттарды жасасу жөнінде валюталық заңдылыққа сәйкестік тұрғысынан кеңес беру
  • сыртқы саудалық мәмілелер бойынша халықаралық есептесудің түрлі нысандарын пайдалану бойынша ұсыныстар
  • мәміле жасасудың кез келген кезеңінде, соның ішінде күрделі және стандарттық емес келісімшарттарды құрылымдау кезінде валюталық заңдылық мәселелері бойынша кеңес беру