Осымен «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тапсырмасымен ««Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес келесі тұлғалар қаржылық мониторинг субъектілері болып табылатынын хабарлайды:
бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын кәсіби бухгалтерлер;
заң консультанттары және басқа да тәуелсіз заң мамандары;
лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;
зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын тұлғалар;
жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызмет көрсететін тұлғалар.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес, жоғарыда аталған субъектілер (бухгалтерлік ұйымдар мен кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын кәсiби бухгалтерлердi қоспағанда) өз қызметін бастағаны туралы elicense.kzсайтында хабарлама беруге міндетті.
Бұл ретте жоғарыда аталған барлық субъектілер Агенттіктің https://www.web-sfm.kfm.kz/ сайтында тіркелуі тиіс.
Осы заңды талаптарды орындамағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 214, 462, 463-баптары) жаза қолдануды болдырмау мақсатында жедел түрде хабарлама беріп, тіркеуден өту қажеттігін хабарлаймыз.
Сұрақтар бойынша мына телефондар бойынша хабарласыңыз:
Бухгалтерлік есеп, зергерлік ұйымдар – Манаспаев Өмірзақ Болатұлы, тел: 8700-0000-922;