Біз Сізді «Shinhan Way» корпоративтік философиясымен таныстырғанымызға қуаныштымыз!
Shinhan Way» Корпоративтік философиясы бұл - табысты Шинхан ортақ үйін салу жолы. Бұл үйде табыс және гүлдену, сенімділік пен өзара құрмет үстемдік етуі қажет.
«Shinhan Way» Корпоративтік философиясын салуда Шинхан үйінің 5 басты қағидасы салыну керек. Негізінде «Shinhan Way» барлық философиясы құрылған қағида – Меншік сезімі жатыр. Әрбір қызметкер болашақта «Шинхан Банк Қазақстанның» дамуы оның жеке дамуы деген сенімге арқа сүйей отырып, Шинхан үйін салуда меншік сезімін бастан кешіру керек. Меншік қағидасы негізінде Шинхан үйін салудағы табысты қамтамасыз етуге үндеген сөзсіз үш қағида тұр. Олар – Құрмет. Өзгеріс, Басымдылық!
Шинхан үйінің басты және соңғы қағидасы - әрбір Клиентке және оның қажеттіліктеріне толық бағытталу болып табылады. Табысқа жету және әрбір Клиенттің мүддесін қанағаттандыру –«Shinhan Way» Корпоративтік философиясын салудың басты мақсаты.
Біздің қағидаларымыз және құндылықтарымыз
Өзге де қағидалар:
Жан-тәнімен берілу – біз ортақ іске жан-тәнімізбен берілгенбіз және Банктің Миссиясын орындауға тырысамыз.
Заңдылық – біз халықаралық құқықтың жалпы мойындалған қағидалары мен нормаларын, Қазақстан Республикасының заңннамаларын, осы Кодекстің ережелерін, Банктің өзге де құжаттарының ережелерін сөзсіз сақтаймыз.
Жеке тұлғаның құндылығы мен абыройын құрметтеу - біз ұлтына, діни сенімділігіне, әлеуметтік жағдайына және құқықтық мәртебесіне қарамастан адамның құқықтары мен бостандығын құрметтейміз. Бұл құқықтар мен бостандықтарды сақтау біз үшін өте маңызды құндылық болып табылады.
Корпоративтілік – біз өз ұжымдастарымызбен өзара түсіністік, сенімділік, өзара көмек және корпоративтік ынтымақтастық негізінде өз қарым-қатынастарымызды саламыз. Біз ұжымдастарымызбен кәсіби білім және тәжірибелік тәжірибемен алмасамыз.
Ашықтық – біз Банктік қызметінің барынша ашықтық және мөлдірлік саясатын ұстанамыз. Біз Банк туралы ашылатын ақпаратқа деген барлық мүдделі тұлғалардың еркін қол жетімділігі үшін ақпараттың барлық қол жетімді көздерін пайдалануға тырысамыз. Біз Клиенттермен, іскерлік серіктестермен, мемлекеттік және жергілікті билік өкілдерімен өз қарым-қатынастарымызды тең құқықтық және ашықтық шартында жасаймыз.
Қауіпсіздік – біз Банкке, оның Қызметкерлері мен Клиенттерге қатысты үшінші тұлғалардың тарапынан қандай да болсын құқық бұзушылық әрекеттердің алдын алу үшін барлық қажетті шаралар жасаймыз.
Әлеуметтік жауапкершілік – біз қоғам алдындағы өзіміздің әлеуметтік жауапкершілігіміздің дамуына өз үлесімізді қосу жолында ерікті қайырымдылық шараларына қатысуға тырысамыз.
Жауапкершілік – біз Клиент алдында өзіміздің қызметіміздің нәтижелері үшін – банктік қызметтің сапасы үшін, іскерлік серіктестер алдында – өзіміздің міндеттемелерімізді дұрыс атқару үшін, қоғам мен мемлекет алдында – жеке тұлғаны, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына үлес қосуда жауаптымыз.