Кредитті өтеуде қиындық көрген азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеу тәртібі
Қарыз алушы міндеттемелерді орындау мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде табыстардың төмендеу себебін міндетті түрде көрсете отырып және растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Шарт талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен банкке жүгінуге құқылы. Шарттың талаптарын өзгертуге, оның ішінде: банктік қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгертуге байланысты;
банктік қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгертуге;
шетел валютасымен берілген банктік қарыз бойынша негізгі борыштың қалдық сомасының валютасын ұлттық валютаға өзгертуге;
негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруға;
берешекті өтеу әдісінің немесе берешекті өтеу кезектілігінің өзгеруіне, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтеуге;
банктік қарыз мерзімінің өзгеруіне байланысты;
мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіруге, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың), банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің күшін жоюға;
«Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген тәртіппен ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті кепіл берушінің дербес өткізуіне байланысты;
банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) кепіл мүлкін беру жолымен банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың орнына бас тарту міндеттемесін ұсынуға;
банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені сатып алушыға бере отырып, ипотеканың мәні болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізумен байланысты шартты өзгерту.
Банк 15 күнтізбелік күн ішінде қарыз алушыны:
шарт талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні;
шарт талаптарын өзгерту жөніндегі өз ұсыныстары;
мұндай бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, шарт талаптарын өзгертуден бас тарту туралы тиісті түрде хабардар етеді.
Қарыз алушы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы бірыңғай, келесі негізгі жағдайлар айқындалған:
қарыз алушыны жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркеу;
қарыз алушының әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі, атап айтқанда ХӘОТ-қа жатқызу, сол сияқты орташа айлық табыстың төмендеуіне әсер еткен қарыз алушының бірге тұратын жақын туысы, жұбайы (зайыбы) ХӘОТ мәртебесін алу;
қарыз алушының ауруына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы (3 айдан астам);
қарыз алушының бала күтімі бойынша демалысқа шығуы;
қарыз алушыны мерзімді әскери қызметке шақыру;
қарыз алушының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) науқастануына (әлеуметтік мәні бар аурулар қатарынан) не қайтыс болуына байланысты отбасылық мән-жайлар;
қарыз алушыға материалдық зиян келтірген жағдайлар (ұрлық, өрт және т.б.). Қарыз алушы ағымдағы қаржылық және әлеуметтік жағдай туралы ақпарат беруге, шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін кірістердің төмендеу не болмау фактісін құжатпен растауға тиіс
Банкке жүгіну тәсілдері:
пошта байланысы немесе электрондық пошта арқылы жазбаша өтініш;
телефон арқылы және клиент банкке тікелей келген кезде ауызша жүгіну.