Кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға ISO 20022 туралы не білу керек?
2024 жылғы 11 қарашадан бастап Қазақстанда қаржылық ұйымдар арасында хабарлама алмасу үшін ISO 20022 халықаралық стандарты қолданылады. Бұл стандарт Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен реттеліп, коммерциялық банктер тарапынан қолданылады.
ISO 20022 дегеніміз не?
ISO 20022 - бұл банктер және қаржылық мекемелер арасындағы деректер алмасуға арналған халықаралық стандарт. Ол қаржылық операцияларды жүргізу барысында пайдаланылатын хабарламалардың форматтары мен ережелерін анықтайды.
ISO 20022 кімге арналған?
ISO 20022 қаржы нарығының қатысушыларының кең шеңбері, оның ішінде, банктер, корпорациялар, төлем қызметтерінің жеткізушілері, реттеушілер және басқа да қаржылық мекемелер үшін пайдалы.