Қазіргі таңда бірқатар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Ресейге, ресейлік компаниялар мен азаматтарға, оның ішінде Ресейден тыс жерде орналасқан ресейлік активтер мен компанияларға қарсы санкциялар қолданғаны баршаңызға мәлім. Өкінішке орай, Қазақстан Республикасында орналасқан ресейлік банктердің кейбір еншілес ұйымдары санкцияланған тұлғалардың тізіміне енді.
«Шинхан Банк Қазақстан» АҚ (бұдан әрі – Банк) қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату, терроризмді қаржыландыру және санкцияларды сақтау тәуекелдерін басқару Саясатынан басқа, халықаралық санкцияларды бақылау және сақтау бойынша шараларды қарастырады.
Банк халықаралық санкцияларды бақылауды және сақтауды, келесі мақсаттар үшін жүзеге асыратынын атап өткен жөн:
банк-корреспонденттердің клиенттер мен олардың контрагенттерінің қаражаттарын бұғаттау (тоқтату) тәуекелінің алдын алу;
өз клиенттерімізге қызмет көрсету үшін корреспондент-банктермен корреспонденттік қатынастарды жүргізу;
Банктің беделіне қатысты тәуекелдердің алдын алу.
Осыған байланысты Банк, ресейлік банктермен және олардың қазақстандық еншілес ұйымдарымен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыруға бірқатар шектеулер қабылдады.
Қосымша ақпарат пен қажетті кеңестерді тұтынушыларға қызмет көрсету менеджерінен ала аласыз.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, ең алдымен өз клиенттеріміздің мүдделерін қорғауға бағытталған, Банк қабылдаған шараларға, түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз.