Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі мен «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ-ы күш біріктіріп
2024 жылдың 16 ақпанында Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі мен «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ-ы күш біріктіріп, RSF (Тәуекелді бөлісу шеңбері) негіздемелік келісіміне қол қойды, оның аясында серіктес банктер қажетті қаражатты береді және жергілікті кәсіпорындар үшін жаңа өсу мүмкіндіктерін жасайды.
Келісімге «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ Басқарма Төрағасы Чжо Ёнг Ын мырза және Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің Орталық Азия бойынша Басқарушы директоры Жужанна Харгитай ханым қол қойды.Келісімге «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ Басқарма Төрағасы Чжо Ёнг Ын мырза және Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің Орталық Азия бойынша Басқарушы директоры Жужанна Харгитай ханым қол қойды.
2024 жылдың 19 ақпанында RSF (Risk-Sharing Framework) келісімі аясында «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ Басқарма мүшесі Виталий Ким мен «ҚІЫО Атакент» АҚ Президенті Дженбаев Азат Рустамович арасында несие желісін ашу туралы келісімге қол қойылды. Келісімге қол қоюдағы мақсат – жаңа заманауи «Дельфин» фитнес-сауықтыру кешенін салу.