«Шинхан Банк Қазақстан» АҚ еңбекақы карточкасы - бұл ақшалай қаражатты алу және сақтау үшін қолайлы және сенімді құрал, сонымен қатар Visa International халықаралық төлем жүйесінің төлем карточкаларының көмегімен өз ақшасын тиімді басқаруға жол ашатын қаржы аспабы. Еңбекақы картасының көмегімен ұйымның әр қызметкері өз ақшасын қауіпсіз және сенімді жерде сақтайды, кез келген уақытта сауда-саттық жасай алады немесе дүние жүзінің кез келген банкоматынан ақша шешіп ала алады.
Сіздің компанияңыз үшін пайда:
Еңбекақы төлемдерін аудару – 0%
Ақша сақтауға және тасымалдауға байланысты қатердің төмендеуі
Бүкіл Қазақстан бойынша қызметкерлерге еңбекақыны орталықтандырылған төлеу
Қашықтықтан банкілік қызмет көрсету жүйесін пайдалану, бұл бухгалтерия мен кассаға жүктемені азайтады
Қызметкерлердің әрқайсысы бойынша төлемнің құпиялығы
Еңбекақы жобасы бойынша дербес менеджер
Шығарылған карталарды компания кеңсесіне жеткізіп беру
Банк қызметкерлерінің кеңсеге келуі және қызметкерлерге тапсырыс ресімдеуі
Төлем карталарын ұстаушылар үшін артықшылықтар:
Карточканы шығару және қызмет көрсету үшін комиссия жоқ
SMS хабарландырулары - тегін
Дүние жүзінің кез келген банкоматынан ақшалай қаражат алу – тегін*
Кэшбэк*
Интернет банкингтің көмегімен қаражатты бақылау мүмкіндігі
Әлемнің барлық елдерінде тауарлар мен қызметтер үшін картамен төлеу
Қолма-қол ақшаға тәулік бойы қол жеткізу мүмкіндігі
Отбасы мүшелері мен достары үшін өз шотына қосымша карта ашу
* Банктің жалақы жобасының тарифтік жоспарына сәйкес