Қазақстан Республикасының валюталық заңдылығы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының 02.07.2018 жылғы №167-VI «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдылық актілеріне мен негізгілері төмендегілер болып табылатын валюталық реттеу органдарының нормативтік құқықтық актілеріне негізделеді:
30.03.2019 ж. №40 Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары;
29.09.2023 ж. №78 Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидалары;
10.04.2019 ж. №64 Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидалары;
10.11.2021 ж. №6 АХҚО-дағы валюталық реттеу және жүргізілетін валюталық операциялар туралы мәліметтерді беру қағидалары.
Жоғарыда көрсетілген заңдылық актілеріне сәйкес, «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ валюталық бақылау агентінің функциясын атқарады және операцияларды орындау кезінде, соның ішінде клиенттердің тапсырмасымен де операциялар орындау кезінде Қазақстан Республикасының валюталық заңдылығы талаптарын бақылауды жүзеге асырады. Банктің өкілетті қызметкерлері валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша барлық қажетті қызметті клиентке ұсынады, атап айтсақ:
Валюталық заңдылыққа сәйкестік тұрғысынан сыртқы саудалық келісімшарттарды жасасу жөнінде клиенттерге кеңес беру;
Сыртқы саудалық мәмілелер бойынша халықаралық есептесудің түрлі нысандарын пайдалану бойынша ұсыныстар;
Мәміле жасасудың қандай да болсын кезеңінде, соның ішінде күрделі және стандарттық емес келісімшарттарды құрылымдау кезінде валюталық заңдылық мәселелері бойынша клиенттерге кеңес жүргізу.