2001 жылы 1 қыркүйекте тіркелген Shinhan Financial Group (SFG) жеке түрде құрылған Кореядағы алғашқы қаржылық компания болды. Негізі қаланған сәттен бастап SFG дамуда және Кореядағы қаржылық өнімдер мен қызметтердің кең көлемін және филиалдардың ыңғайлы желілері жолымен клиенттер үшін жан-жақты қаржылық шешімдерге қол жеткізуге арналған мақсаттарды ұсынуда.
SFG қаржылық өнімдер мен қызметтердің кең көлемін ұсынатын еншілес компаниясы бар, оның ішінде жеке тұлғалармен, корпоративтік тұлғалармен банктік операциялар жасасу, жеке банктік қызмет, кредиттік желі, активтерді басқару, брокерлік және сақтандыру қызметтері бар. SFG қазіргі күні шамамен 14,8 миллион клиенттік активтерге қызмет көрсетеді, 1 430 филиалында 17 200 қызметкер жұмыс істейді.
SFG бірнеше бірігу мен бірлесу арқылы айтарлықтай өсті. Ең қомақты бірігу 2003 жылы қыркүйектегі Chohung банкімен және 2007 жылы наурыздағы LG Card бірігу біздің филиалдардың жалпы ұлттық құрылымын арттырыруға және біздің клиенттік базамызды кеңейтуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар SFG тұрақтылықтың банктік емес деңгейін және теңестірілген бизнес-портфельді кеңейтті.
Тарихы
Shinhan Financial Group («Компания») 2001 жылы 1 қыркүйекте Shinhan Bank, Shinhan Investment Corp., Shinhan Capital Co., Ltd. және Shinhan BNP Paribas Investment Trust Management Co., Ltd алғашқы акционерлерімен Компанияның жай акцияларын айырбастаудан тұратын қиыстырулар арқылы жасалды.
Компания қызметтерді басқаруды тарату және компанияларды аффилирлеу үшін қаржыландыру мақсатында 1 461 721 көлеміндегі негізгі акционерлік капиталды қалыптастырды. Компанияның акциясы 2001 жылы 10 қыркүйекте Корейлық Биржа тізіміне енгізілді.
2003 жылы 16 қыркүйекте Нью-Йорктік қор биржасында америкалық депизатарлық акция тізіміне енгізілді.