Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрінің 21.01.2021 ж. № 24 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – «Қағидалар») 5-тармағына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін:
- тұрғын үйді сатып алу-сату, жекешелендіру, бөліп-бөліп төлеу, айырбастау шарттары бойынша, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша, сондай-ақ жеке тұрғын үй салу үшін тұрғын үйді меншікке сатып алуға байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша толық есеп айырысу;
- тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу,
- ипотекалық тұрғын үй қарызын алу, берешекті ішінара немесе толық өтеу, қайта қаржыландыру;
- ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үй сатып алу, ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде берешекті ішінара, толық өтеу;
- тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде берілген сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу;
«Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 - бабы 5-1-тармағына сәйкес ипотекалық тұрғын үй қарызы – тұрғын үй салу не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілетін ипотекалық қарыз.
«Шинхан Банк Қазақстан» АҚ (бұдан әрі – «Банк») жеке тұлғаларға тұтынушылық мақсаттарға ипотекалық қарыздар, яғни, нысаналы пайдаланылуын растаусыз берілген қарыздар береді.
Осыған байланысты Сіз банктен алған және (немесе) алуды жоспарлаған ипотекалық қарыздар, ипотекалық тұрғын үй қарыздары болып табылмайды. Осылайша, Ережеде көзделген тәртіпке сәйкес банктен алынған қарыздарды ішінара немесе толық өтеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға жол берілмейді.
Баяндалғанның негізінде Банк Сізге тұрғын үйді сатып алуға не басқа кредиттік ұйымнан алынған ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеуге (қайта қаржыландыруға) байланысты мақсатын көрсете отырып, несиелік берешектің бар екендігі туралы анықтаманы ұсына алмайтынын хабарлайды.