Қаржылық нарық және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдардың лицензиясы негізінде «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ клиенттердің банктік есепшоттарын ашу және әрі қарай жүргізуді жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдылығы көлемінде аталмыш есепшоттарды пайдалану арқылы операциялар жасайды.
Ағымдағы есепшот ашу үшін қажетті құжаттар:
жеке басын куәландыратын құжат;
клиенттің салық төлеуші СТН ретінде тіркелгенін растайтын, салық қызметі органдарының берген құжатының көшірмесі.
Ағымдағы есепшот бойынша операцияларды жүзеге асыру келесі жағдайларда ғана ықтимал:
Банкте қолданыстағы ағымдағы есепшотының болуы;
Қазақстан Республикасының заңдылығының талаптарына сәйкес операцияларды жүргізу үшін рәсімделген төлемдік құжатты/төлемдік нұсқаулықты ұсыну (төлемдік тапсырма, валютана аудару үшін өтініш, айырбастау үшін өтініш т.с.с.);
валюталық операциялар болып табылатын, төлемдерді жүзеге асыруда және ақша аударымдарында, Қазақстан Республикасының валюталық заңдылығының талаптарына сәйкес құжаттарды ұсыну қажет.
Банкте ашылған ағымдағы есепшот бойынша келесі операцияларды жүзеге асыруға болады:
ақшаның ішкі және сыртқы аударымдары (теңгемен және АҚШ долларымен /ЕУРО);
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік төлемдер төлеу;
бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер төлеу;
Қазақстан Республикасының заңдылығына және Банктің ішкі нормативтік құжаттарына қарама-қайшы келмейтін қандай да болсын басқа төлемдер төлеу;
Қолма-қол ақшасыз/ қолма-қол ақшамен шетелдік валюта айырбастау (сатып алу/сату) конвертация;
Теңгемен және АҚШ долларында/ЕУРО қолма-қол ақшамен операция жасау (ағымдағы есепшотқа жіберу және ағымдағы есепшоттан қолма-қол ақшаны беру).
«Шинхан Банк Қазақстан» АҚ ағымдағы есепшоттары бойынша операция жүргізудің басымдылықтары:
Корея Республикасына минимальдық тариф бойынша «күнбе-күн» төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру;
тегін ағымдағы есепшот ашу;
қолма-қол қаражатты тегін алу (ұлттық және шетелдік валютада*);
қолма-қол емес/қолма-қол шетелдік валютада айырбастау (сатып алу/сату) жүргізу үшін Банк комиссиясының болмауы.
әлемнің көп өңірлерінде минималдық Тариф бойынша төлемдер және ақша аударымдарын жүзеге асыру;
клиенттердің нұсқауларын жедел орындау;
ағымдағы есепшот бойынша қандай да болсын операцияны жүргізген кезде кеңес алу мүмкіндігі, соның ішінде Қазақстан Республикасының валюталық заңдылығына кіретін төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырған кезде кеңес алу мүмкіндігі.