Қаржылық нарық және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау бойынша өкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде Шинхан Банк Қазақстан АҚ клиенттердің банктік есепшоттарын ашу және әрі қарай жүргізуді, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдылығы көлемінде аталмыш есепшоттарды пайдалану арқылы операциялар жүргізеді.
Банкте ағымдағы есепшоттар ашу үшін мыналар қажет:
Қажетті құжаттарды ұсыну;
Банктік есепшот ашу үшін Өтініш рәсімдеу;
Банкпен Банктік есепшот ашу туралы келісім жасасу.
Ағымдағы есепшотпен бойынша операцияларды жүзеге асыру, келесі жағдайларда ғана болуы мүмкін:
Банкте қолданыстағы ағымдағы есепшоттың болуы;
Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес рәсімделген төлемдік құжатты ұсыну /операцияларды атқаруға деген төлемдік нұсқаулықтарды ұсыну (төлемдік тапсырмалар, валюта аударымына өтініш, айырбастауға өтініш және т.с.с.);
валюталық операциялар болып табылатын төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде, Қазақстан Республикасының валюталық заңдылығының талаптарына сәйкес құжаттарды ұсыну керек.
Банкте ашылған ағымдағы есепшот бойынша, келесі операцияларды жүзеге асыру мүмкін:
ақшаның ішкі немесе сыртқы аударымдары (теңгемен және АҚШ долларымен/ЕУРО);
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік төлемдерді төлеу;
бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу;
Қазақстан Республикасының заңдылығына және Банктің ішкі нормативтік құжаттарына қарама-қайшы келмейтін қандай да болсын басқа төлемдерді төлеу;
Қолма-қол ақшасыз/қолма-қол ақшамен шетелдік валютаны айырбастау (сатып алу/сату);
Теңгемен және АҚШ долларымен/ЕУРО қолма-қол ақшамен операциялар жүргізу (ағымдағы есепшотқа ақша жіберу және ағымдағы есепшоттан қолма-қол ақша беру).
«Шинхан Банк Қазақстан» АҚ ағымдағы есепшоттары бойынша операция жүргізудің басымдылықтары:
Корея Республикасына минимальдық тариф бойынша «күнбе-күн» төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру;
Қолма-қол емес/қолма-қол шетелдік валютада айырбастау (сатып алу/сату) жүргізу үшін Банк комиссиясының болмауы.
Минималдық Тариф бойынша әлемнің көп өңірлерінде төлемдер және ақша аударымдарын жүзеге асыру;
клиенттердің нұсқауларын жедел орындау;
ағымдағы есепшот бойынша қандай да болсын операцияны жүргізген кезде кеңес алу мүмкіндігі, соның ішінде Қазақстан Республикасының валюталық заңдылығына кіретін төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырған кезде кеңес алу мүмкіндігі.