«Шинхан Банк Қазақтан» АҚ-ның жеке тұлғалардың барлық салымдары міндетті кепілдік беру объектісі болып табылады.
Бір салымшыға барлық депозиттер мен банктік шоттар бойынша мемлекеттік кепілдік:
- ұлттық валютадағы жинақ салымдар (депозиттер) бойынша – 20 миллион теңгеге дейін;
- ұлттық валютадағы шоттар, карточкалар және өзге де депозиттер бойынша – 10 миллион теңгеге дейін;
- шетел валютасындағы шоттар, карточкалар және депозиттер бойынша – 5 миллион теңгеге дейін құрайды
Төменде ұсынылған Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚБКҚ) бейнематериалдарында депозиттерге кепілдік беру жүйесімен және өтемақы төлеу процесімен таныса аласыз.