Call center: +7 (727) 356-96-00
KAZ
RUS
ENG
KOR
KAZ
Басты » Жеке тұлғаларға » Банктік есепшот ашу

Банктік есепшот ашу

Қаржылық нарық және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдардың лицензиясы негізінде «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ    клиенттердің банктік есепшоттарын ашу және әрі қарай жүргізуді жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдылығы көлемінде аталмыш есепшоттарды пайдалану арқылы операциялар жасайды.

Ағымдағы есепшот ашу үшін қажетті құжаттар:

  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • клиенттің салық төлеуші СТН ретінде тіркелгенін растайтын, салық қызметі органдарының берген құжатының көшірмесі.

Ағымдағы есепшот бойынша операцияларды жүзеге асыру келесі жағдайларда ғана ықтимал:

  • Банкте қолданыстағы ағымдағы есепшотының болуы;
  • Қазақстан Республикасының заңдылығының талаптарына сәйкес операцияларды жүргізу үшін рәсімделген төлемдік құжатты/төлемдік нұсқаулықты ұсыну (төлемдік тапсырма, валютана аудару үшін өтініш, айырбастау үшін өтініш т.с.с.);
  • валюталық операциялар болып табылатын, төлемдерді жүзеге асыруда және ақша аударымдарында, Қазақстан Республикасының валюталық заңдылығының талаптарына сәйкес құжаттарды ұсыну қажет.

Банкте ашылған ағымдағы есепшот бойынша келесі операцияларды жүзеге асыруға болады:

  • ақшаның ішкі және сыртқы аударымдары (теңгемен және АҚШ долларымен /ЕУРО);
  • Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік төлемдер төлеу;
  • жинақтау зейнетақылық қорларына зейнетақылық жарналар төлеу;
  • бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер төлеу;
  • Қазақстан Республикасының  заңдылығына және Банктің ішкі нормативтік құжаттарына қарама-қайшы келмейтін қандай да болсын басқа төлемдер төлеу;
  • Қолма-қол ақшасыз/ қолма-қол ақшамен шетелдік валюта айырбастау (сатып алу/сату) конвертация;
  • Теңгемен және АҚШ долларында/ЕУРО қолма-қол ақшамен операция жасау (ағымдағы есепшотқа жіберу және ағымдағы есепшоттан қолма-қол ақшаны беру).

«Шинхан Банк Қазақстан» АҚ  ағымдағы есепшоттары бойынша операция жүргізудің басымдылықтары:

  • Корея Республикасына минимальдық тариф бойынша «күнбе-күн» төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру;
  • тегін ағымдағы есепшот ашу;
  • қолма-қол қаражатты тегін алу (ұлттық және шетелдік валютада*);
  • қолма-қол емес/қолма-қол шетелдік валютада айырбастау (сатып алу/сату) жүргізу үшін Банк комиссиясының болмауы.
  • әлемнің көп өңірлерінде минималдық Тариф бойынша төлемдер және ақша аударымдарын жүзеге асыру;
  • клиенттердің нұсқауларын жедел орындау;
  • ағымдағы есепшот бойынша қандай да болсын операцияны жүргізген кезде кеңес алу мүмкіндігі, соның ішінде Қазақстан Республикасының валюталық заңдылығына кіретін төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырған кезде кеңес алу мүмкіндігі.

Ағымдағы Банктік есеп-шот келісім шарты

Жеке тұлғаның (өкілдің ) дербес ағымдағы шотты ашуына қажетті құжаттар тізімін анықтайтын Ақпараттық чек-парақ

Заңды тұлғаларының - резиденттерінің  филиалдары мен өкілдіктеріне банктік шотты ашуға арналған құжаттар тізімі

Кәсіпкерлік, адвокаттық, жеке нотариальдық қызметтерді жүргізбейтін Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына – резидент еместерін

Кәсіпкерлік, адвокаттық, жеке нотариальдық қызметтерді жүргізбейтін Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына - резиденттеріне

 

Корпоративтік философиясы «Шинхан қаржылық тобының барлық бөлімшелері орындауға қабылданған «Shinhan Way» корпоративтік философиясына сәйкес жасалған.


«Шинхан Банк Қазахстан» АҚ Стратегиясы ең көшбасшы және ең сенімді банктердің, ғаламдық қаржылық дағдарыс салдарына қарамастан замануи қаржылық қызметтің жетекшісі позициясын алудан тұрады.

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТТЕР
ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУ
Қолма-қол ақша Ақшасыз есеп айырысу
USD 338.00 337.00
EUR 404.00 403.00
RUR 5.80 5.80
Қолма-қол ақша Ақшасыз есеп айырысу
USD 344.00 345.00
EUR 411.00 412.00
RUR 5.95 5.95
ВАЛЮТАНЫ АЙЫРБАСТАУ
Операция түрі
Сатып алу
Сатып алу
Сату
USD
USD
EUR
RUR
Ағымдағы бағам
KZT-гі операция сомасы
Валютадағы сома
USD